Экономиканы әртараптандыру ел дамуының маңызды факторы ретінде
Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференция мақсаты: студенттердің ғылыми зерттеу және оқу-ағарту ісін насихаттау, шығармашылық қабілетін ашу, аса қабілетті студенттер мен жас ғалымдарды іріктеу және оларға қолдау көрсету, интеллектуалдық қуаттарды дамытуға жәрдемдесу, ғылыми мәселелерді шешуге тарту.
2016 жыл сәуірдің 11-ші жұлдызында ЭжБЖМ конференцияның ашылуы отырысында төмендегідей студенттер мен жас ғалымдар өз жұмыстарын баяндады: "Қаржы" мамандығының 2 курс магистранты Сейдaлиев Ш.М. "Mila интегрaциялық бaғдaрлaмaсы (Лaтын Aмерикaсы) aясындa пaйдa болғaн бірыңғaй қор нaрығының қызмет ету нәтижелері және ерекшеліктері"; «Қаржы» мамандығының 2 курс магистранты Текебaев Ж.М. "Дaғдaрыс жaғдaйындaғы ислaмдық бaнкингтің дaму перспективaлaры"; «Экономика» мамандығының 1курс магистранты Еркін Н. "Ортaлық Aзия мемлекеттерінің сыртқы сaудaсының дaму деңгейі мен қaзіргі жaғдaйы"; «Экономика» мамандығының 1 курс докторанты Шилимбетовa Г. "The development of creative industries in Almaty: problems and prospects"; «Инновациялық менеджмент» мамандығының 1 курс докторанты Aлексaнд-ровa И.A. "Междунaродный опыт повышения конкурентоспособности уни-верситетов"; «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Ғaлымжaновa A.A., «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының» 1 курс студенті Тұрaр Е.A. "Новaя инновaционнaя инфрaструктурa – основa нaционaльной инновационной системы Кaзaхстaнa".
Конференция аясында жұмыс келесідей секциялар бойынша жүргізілді: "Дағдарыс жағдайында Қазақстанның инфрақұрылымдық басымдылықтарын қаржыландыру мәселелері", "Дағдарысқа қарсы басқарудың теориясы мен тәжірибесі", "Дағдарысқа қарсы басқаруда есеп, аудит және талдаудың рөлі" және "Экономиканы әртараптандыру ел дамуының маңызды басымдылығы ретінде".
Конференция жұмысының нәтижесі бойынша секцияларының нәтижесі бойынша 1, 2 ,3 орынды келесідей студенттер иеленді:
1-орын : Еркін Назарбай, 1-ші курс магистранты, 6М050600 Экономика;
2-орын : Сейдалиев Шыңғыс Маратұлы, 2-ші курс магистранты, 6М050900 Финансы;
3-орын : Ғалымжанова Айдана Аслановна, 1-ші курс студенті, 5В050700 Менеджмент, Тұрар Ерсұлтан Айтжанұлы , 1-курс студенті, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Сонымен қатар, студенттер конференцияға белсенді қатысқаны үшін келесідей номинациялар бойынша мадақтамалармен марапатталды: ең үздік баяндама, зерттеу тақырыбының өзектілігі, инновациялық көзқарас, шығармашылық бейім, зерттеу тақырыбының қолданбалылығы, зерттеудің жоғары деңгейі, зерттеу тақырыбының ауқымдылығы.