Орталық және Оңтүстік Азия көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту

12 сәуір, 2016

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық және Оңтүстік Азия көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту» атты  тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің, Мичиган мемлекеттік университетінің және Жаһандық өзара қарым-қатынас институты (АҚШ) Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция ІІІ халықаралық Фараби оқулары аясында, сондай-ақ UNAI жаһандық хаб ретіндегі университеттің және Біріккен Ұлттар Ұйымының академиялық ықпал бағдарламасының  қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырылды. Конференция тақырыбы «БҰҰ тұрақты дамуы» жоспарының 9 мақсатын көрсетеді: барлығына тең мүмкіндік бере отырып экономикалық дамуы мен адамның әл-ауқатын қолдау мақсатында икемді инфрақұрылымды құру, тұрақты индустрияландыруға ықпал ету және инновацияларды ынталандыру, сонымен қатар аймақтық және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді және тұрақты инфрақұрылымды дамыту.

Конференция барысында халықаралық жобалар мен жаңа өңірлік ақиқат контекстіндегі Орталық және Оңтүстік Азиядағы көлік дәліздерін дамыту бойынша ұсынылған бастамалар талқыланды.

Конференцияға Халықаралық ұйымдармен халықаралық қаржы институттарының, сондай-ақ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан және АҚШ-тан сарапшылар өкілдері қатысты.

Пленарлық отырысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірінші проректоры Бүркітбаев М.М., Алматыдағы АҚШ Бас консулы Марк Mуди, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының делегациясының басшысы Нұрғалиева М., сондай-ақ Мичиган мемлекеттік университетінің шақырылған профессоры және жаһандық өзара қарым-қатынас институтының аға ғылыми қызметкері Марта Брилл Олкотт алғы сөз сөйледі. Конференция қатысушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі институтының директоры К.И. Байзакова «Қазақстанның Орталық Азиядағы тұрақты және берік инфрақұрылымды дамыту бойынша рөлі: орнықты дамуына қол жеткізу жолында» атты пленарлық баяндамасын тыңдады.