Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қонақ дәріс
2025 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10.30да “Бизнес технологиялар” кафедрасының PhD докторанттары Ибраева Л.М., Анархан А.К., Елешева Ж.Б. ҚазақстанРеспубликасының Тәуелсіздік күні қарсаңында “Тәуелсіздік– мәңгілік елдің тұғыры” атты тағылымдық қонақ дәрісұйымдастырды.
Дәріске арнайы шақырылған қонақ ф.ғ.д. ҚанатТоқтарбекұлы Нұрғалиев келді. Сонымен қатар “Бизнес технологиялар” кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысыМаулина Нұргүл Хасановна сөз сөйледі.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Тәуелсіздіктіңтарихи мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеужәне елдік рухты нығайту. Шара барысында қонақтарТәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері, ел дамуыныңстратегиялық бағыттары, ұлттың бірлігі мен руханиқұндылықтардың маңызы туралы мазмұнды баяндамажасады.
Дәріс жүргізу барысында студенттерге блиц-сұрақтар қойылды, қатысушылардың қызығушылығын тудырып, студенттер тарапынан белсенді талқылаумен аяқталды.
Тәуелсіздік күніне арналған бұл жиын елдің өткенінетағзым етіп, болашаққа бағдар жасайтын маңызды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар