«Кәсіпорындарды аудит жүргізуге тиімді дайындау» тақырыбында қонақ дәрісFarabi University

«Кәсіпорындарды аудит жүргізуге тиімді дайындау» тақырыбында қонақ дәріс

13 қараша, 2025

2025 жылдың 13 қарашасында ЭБЖМ базасында ТМД 4, 8, 17 бағыттары аясында, «Бухгалтерлік есеп» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Кәсіпорындарды аудит жүргізуге тиімді дайындау» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Іс-шара барысында аудиттің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін және қаржылық есептіліктің шынайылығын бағалау мақсатында жүргізілетін тәуелсіз тексеріс екені атап өтілді.

Лекцияның спикері — аудитор, «Аудиторлар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тлеукабылова Женис Анесовна болды. Өз баяндамасында ол кәсіпорындарды аудитке дайындаудың негізгі кезеңдерін жан-жақты түсіндіріп, жиі кездесетін қателіктер мен тәуекелдерге назар аударды, сондай-ақ кәсіби тәжірибесіне негізделген практикалық ұсыныстар берді.

Кездесудің ұйымдастырушылары — Сартова Р.Б. және Сатыбалдиев Жанибек.
Лекция студенттердің қызығушылығын арттырып, аудит және бухгалтерлік есеп салаларындағы практикалық білімдерін тереңдетуге ықпал етті.