Киберфизика – болашақтың кәсібі. ТДМ 4
Бүгін «КИБЕРФИЗИКА – БОЛАШАҚТЫҢ КӘСІБІ» тақырыбында студенттермен танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді киберфизикалық жүйелер ұғымымен таныстыру, олардың ғылым мен өндірістегі маңызын түсіндіру және бұл бағыттың болашақ кәсіби мүмкіндіктерін көрсету болды.
Кездесу барысында киберфизикалық жүйелердің автоматтандыру, энергетика, ақылды өндіріс және цифрлық технологиялар салаларындағы қолданылуы туралы ақпарат берілді. Студенттер мамандықтың болашағы, еңбек нарығындағы сұраныс және ғылыми-зерттеу бағыттары жөнінде мағлұмат алды. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Кураторлық сағат ТДМ 4 Сапалы білім бағыты бойынша өткізілді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби бағдарын айқындап, заманауи инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
#SDG4 #QualityEducation #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар