Студенттерге емтихан тапсыру ережелері түсіндірілді
27 қараша, 2025
27 қараша 2025 жылы «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс, 102-топ студенттерімен емтихан тапсыру тәртібіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында студенттерге емтихан форматы, өткізу талаптары, академиялық адалдық қағидалары және бағалау критерийлері туралы толық ақпарат берілді.
Оқытушы емтихан кезінде рұқсат етілетін және тыйым салынатын құралдар, жауап беру құрылымы, сондай-ақ қорытынды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін түсіндірді. Студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, туындаған мәселелер бойынша нақты нұсқаулықтар ұсынылды.
Бұл түсіндіру жұмысы студенттердің емтиханға дайындығын арттыруға және оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Топ эдвайзері: Ақжігітова А.О.