Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық бастама
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс, 102-топ студенттері Мемлекеттік Тумен суретке түсіп, патриоттық бағыттағы челленджді бастады. Студенттер бұл бастаманы басқа топтарға жолдап, жастар арасында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды және ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.
Аталған бастама студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға, ел тарихына құрметпен қарауға және Тәуелсіздіктің маңызын терең түсінуге бағытталды. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — әрбір азаматтың парызы екенін ұғындыру бұл шараның негізгі идеяларының бірі болды.
Іс-шара барысында студенттер бірлік, ынтымақ және жауапкершілік құндылықтарын насихаттап, ұлттық рухты көтеруге үлес қосты. Мұндай тәрбиелік мәні зор бастамалар жастардың патриоттық сана-сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Топ эдвайзері: Ақжігітова А.О.