«Ел болашағы – Тәуелсіздікпен бірге» атты мерекелік іс-шара өттіFarabi University

«Ел болашағы – Тәуелсіздікпен бірге» атты мерекелік іс-шара өтті

16 желтоқсан, 2025

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Ж.С. Сапарбекованың жетекшілігімен және 109-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Ел болашағы – Тәуелсіздікпен бірге» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналып, студент жастардың патриоттық рухын көтеруге, ел тарихына, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды. Бағдарлама барысында Тәуелсіздіктің маңызы, ел дамуының негізгі кезеңдері, жастардың ел болашағындағы рөлі туралы мазмұнды ойлар айтылып, танымдық және тәрбиелік мәні зор қойылымдар мен шығармашылық номерлер ұсынылды.

Шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған мазмұнды бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Осындай тағылымды іс-шаралар жастардың елжандылық қасиетін нығайтып, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін арттырары сөзсіз.