- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Мобильдік медиа мектебі
«Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Мобильдік медиа мектебі
2016 жыл 3-5 мамыр аралығында Шымкент қаласы әкімі қолдауымен БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттар аясында Бүкіләлемдік баспасөз күніне арналған «Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Республикалық мобильдік медиа мектебі өтеді.
Медиа мектеп жұмыс бағыты: Шымкент – Шәуілдір – Арыстанбаб – Түркістан – Кентау – Шаян - Ақмешіт - Домалақ-Ана - Шымкент.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық Бюросы және Шымкент қаласы әкімі Баспасөз қызметі қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Журналист» БАҚ мамандарының біліктіліктілігін арттыру және аккредитациялау орталығы.
Ресми серіктестер:
UNISDR – БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы;
ESCAP- Біріккен Ұлттар Ұйымы Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы;
UNESCO - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет мәселелері бойынша ұйымы;
UNDP - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы;
UNEP- Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта бойынша Бағдарламасы;
DPI - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоғамдық Ақпарат Департаменті;
UNFPA - Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халықтар қоры;
«Инвесторлар Альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі;
«Серпін» Білім беру ұйымдарының Ұлттық қауымдастығы;
«Қазақ университеті» баспа үйі.
Ақпараттық қолдаушылар:
Шымкент қаласы әкімдігінің Баспасөз қызметі
«Бас редакторлар клубы» ҚБ
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ ТРК
МОБИЛЬДІК МЕДИА МЕКТЕП МОДУЛЬДАРЫ:
1. Модуль: Тұрақты қала дамуы және медиасауаттылық;
2. Модуль: Ақпараттық сауатты ауыл тұрғындары;
3. Модуль: Жаңалықтар сауаттылығы.
Бағдарламада шеберлік-сыныптар мен семинар-тренингтер аясында кейстердің шешімдерін табу жолдары қарастырылады. Жеке және топтық тәжірибелік сабақтар өткізіледі, жаңа жобалар таныстырылымы, пікірталас, кәсіби кеңестер қамтылған.
Ақпарат: Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы 1994 жылдың 3 мамырынан бастап жыл сайын аталып өтеді. 1997 жыл 3 мамырдан бастап баспасөз бостандығы ісіне сіңірген еңбегі үшін ЮНЕСКО-ның Гильермо Кан атындағы сыйлығы тағайындалып келеді.
Биыл Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күні мынадай мәселелерді қарастыруға арналмақ:
∙ ақпарат бостандағы адамның негізгі бостандығы мен құқығы ретінде;
∙ мемлекет тарапынан цензура мен ерекше бақылаудан баспасөз бостандығын қорғау;
∙ электронды және дәстүрлі ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистердің қауіпсіздігін қорғау.
Мобильдік медиа мектепке Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік БАҚ журналистері, он-лайн медианың веб-редакторлары мен контент-редакторлары, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, PhD докторанттары, оқытушылары, мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады деп күтілуде.
Курсты тәмамдағанда берілетін құжаттар:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Журналист» БАҚ мамандарының біліктіліктілігін арттыру және аккредитациялау орталығының «Журналистика» мамандығы бойынша тыңдағаны туралы сертификат беріледі (36 сағат).
Курсқа жазылу мен бағдарламаға қатысуға ұсыныс:
Байланыс: әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісі Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
Тел.: +7727221351; +7272211492
моб: +77074143415
e-mail: mobileschool2016@gmail.com