«Жақсы денсаулық және әл-ауқат»
10.12.2025 жылы 3 курс студенттері азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Урисбаева А.А. ұйымдастыруымен БҰҰ-ның 3-тұрақты даму мақсаты (ТДМ №3) – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытын жүзеге асыруға бағытталған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында студенттер университет жанындағы медициналық орталыққа барып, оның жұмысымен танысып, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін зерделеді.
Сонымен қатар, осы тапсырма шеңберінде университет студенттері арасында медициналық орталықтың қызметіне қатысты қысқа сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнама білім алушылардың медициналық қызметтер жөніндегі хабардарлығын және профилактиканың маңызын бағалауға мүмкіндік берді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің денсаулық мәдениетін арттыру, медициналық қызметтерге қолжетімділік туралы ақпараттандыру және университет ішінде қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру.