Магистранттарға арналған Мастер-класс
📅 13.12.2025
🕛 Басталуы: 12:00
📍 217-кабинет
👩🏫 Профессор Айжаз Шайх
📚 Тақырыбы: Research Methods
13 желтоқсан күні сағат 12:00-де 217-кабинетте магистранттарға арналған Research Methods тақырыбында профессор Айжаз Шайхтың мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған мастер-классы өтті.
Мастер-класс барысында ғылыми зерттеу үдерісінің негізгі кезеңдері қарастырылды: ғылыми мәселені және зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, әдіснаманы таңдау, деректерді сапалық және сандық талдау әдістері, сондай-ақ академиялық адалдық пен ғылыми этика мәселелері. Практикалық мысалдарға және магистранттар жиі жіберетін қателіктерді талдауға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: қатысушылар өз зерттеу идеяларын талқылап, магистрлік жобаларымен одан әрі жұмыс істеу бойынша құнды ұсыныстар мен жеке кеңестер алды.
Профессор Айжаз Шайхқа пайдалы, мазмұнды және шабыттандыратын мастер-класс үшін алғыс білдіреміз!
Іс-шара ТДМ келесі мақсаттарына сәйкес келеді: ТДМ 4-Сапалы білім, ТДМ 8-лайықты жұмыс және экономикалық өсу, ТДМ 9-Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым.
Басқа жаңалықтар