Ғылым жолында сенімім арта түстіFarabi University

Ғылым жолында сенімім арта түсті

25 қараша, 2025

Мен биыл ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына алғаш рет қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алдым. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе, толқыныс пен жауапкершілікке толы сынақ болды. Өзімді ғылыми ортада сынап көру, зерттеу нәтижелерімді таныстыру осы байқауға қатысудағы басты мақсатым еді. Жеткен жетістігім маған үлкен шабыт беріп, болашақ ғылыми жолыма деген сенімімді нығайтты.

Осы ретте ғылыми же­тек­шім, тарих ғылымының док­торы, Ұлттық ғылым ака­де­миясының академигі Берекет Бақытжанұлына ерекше ілти­па­тымды білдіргім келеді. Же­текшім зерттеу жұмысыма кәсіби қолдау көрсетіп, әрбір талдауым мен тұжырым­да­мам­ды жетілдіруге көмек бер­ді. Ұстазымның терең бі­лімі, жауапкершілігі, ғы­лымға деген адалдығы мен шә­кірт­теріне деген жанашырлығы  мен үшін үлгі. Осы жетістігім – ұстаз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар кәсіби тұлға ретінде қа­лып­тасуыма ықпал еткен ка­федра оқыту­шы­ла­рына да ерекше алғыс біл­діремін. Сіздердің мол тә­жі­рибелеріңіз бен терең бі­­лім­деріңізді үйре­ту­дегі қа­жырлы еңбектеріңізді жо­ға­ры бағалаймын.

Мен үшін «Тарих» маман­ды­ғын таңдау тек білім алу емес, өзімді ғылыми тұр­ғы­дан да­мы­туға, тарихи са­нам­ды кеңей­ту­ге мүмкіндік бер­ген маңызды шешім болды. Болашақта да ғылыми зерт­теулерімді жал­ғас­тырып, елі­міз­дің тарих ғы­лымына өз үлесімді қосуды мақсат ете­мін.

 

Мөлдір РАХМЕТОВА,

 «Тарих» мамандығының

2-курс магистранты