ҚазҰУ студенті «Спорт – Бейбітшілік елшісі» медалімен марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің студенті, белгілі спортшы, марафоншы-жүзуші Елдар Шекербек «Спорт – Бейбітшілік елшісі» медалімен марапатталды.
2024-25 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының спортшылары арасында жоғары спорттық жетістіктері және Қазақстанды халықаралық аренада насихаттауға қосқан үлесі үшін Елдар Шекербек ЮНЕСКО қолдауымен «Ер намысы» республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан аталған марапатқа ұсынылған болатын. Марапаттау рәсімі Алматы қаласындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығында өтті.
Елдар Шекербек – Босфор бұғазы арқылы жүзу жарысының жүлдегері, IRONMAN – 70.3 (Түркия) жарысының жүлдегері, ашық суда жүзуден 2 км, 5 км және 10 км қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионы; 5 км қашықтықта Азияның абсолютті чемпионы; 3×500 м эстафетада әлем чемпионы; Парсы шығанағында өткен халықаралық 10 км жүзу жарысының күміс және қола жүлдегері (БАӘ); 10 км қашықтықта Еуропа чемпионы (Испания), сондай-ақ 2023-24 жылдардағы универсиада жеңімпазы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар