Дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанттары мектептерде экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық жұмыстар жүргіздіFarabi University

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанттары мектептерде экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізді

17 желтоқсан, 2025

Педагогикалық практика барысында дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанттары мен білім алушылары Жетісу ауданында орналасқан №143, №161, №43, №107 және №109 мектеп-гимназияларында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

Аталған кездесулер жасөспірімдер арасында радикалды көзқарастағы түрлі ағымдардың ықпалына түсу жағдайларының артуына байланысты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы бейнематериалдар ұсынылып, радикалды діни ұйымдардың қоғам мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тигізетін кері әсері жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, мұндай келеңсіз құбылыстардың алдын алуда және олармен күресуде маңызды рөл атқаратын «Исламтану» мамандығы туралы кеңінен таныстырылым жасалды.

Кездесулерге мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым қатысты. Шара соңында оқушылар тарапынан қойылған өзекті әрі қызықты сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар берілді.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры

Қ.М.,  Борбасова 1 курс докторанты Б.Ж. Бағаев