География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы орынбасары  студенттермен кездесу өткіздіFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы орынбасары  студенттермен кездесу өткізді

18 желтоқсан, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы орынбасары  Шәкен Айман Шәкенқызы факультетте студенттермен кездесу өткізді.  Кездесудің басты мақсаты – өтіп жатқан қысқы сессияға байланысты мәселелерді талқылау болды. Емтихан барысында студенттердің тәртіпке бағынуы басты назарда екені айтылды.

Шәкен Айманқызы студенттерге емтихан кестесі, сессияны тапсыру ережелері, оқу тәртібін сақтау және емтихандарға  алдын ала дайындықтың маңыздылығы туралы еске салды. Сонымен қатар, сессия кезінде академиялық адалдықты сақтау басты мәселе екенін ерекше  атап өтті. Қайта тапсыру мүмкіндіктері және оқу үдерісіне қатысты өзге де маңызды мәселелер талқыланды.

Мұндай кездесулер әкімшілік пен студенттер арасында ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді уақытында шешуге ықпал етеді.