Фермерлердің инновациялық агробиотехнологиялар бойынша құзыреттілігін арттыру
ТДМ17 "Тұрақты даму шеңберіндегі серіктестік" аясында «Жергілікті фермерлерге тұрақты ауыл шаруашылығы технологиялары бойынша білім мен дағдыларды беру» ТМД аясында Алматы облысындағы «Олжас» кооперативті шаруашылық базасында ірі қара малды азықтандыруға арналған балдыр негізіндегі жем-шөп қоспалары (BR2499310525) ұсынылды. Іс-шара барысында балдырлы қоспалардың қоректік құндылығы, экологиялық қауіпсіздігі және мал өнімділігін арттырудағы әлеуеті ғылыми тұрғыда таныстырылып, оларды тұрақты ауыл шаруашылығы технологияларында қолданудың практикалық аспектілері талқыланды. Бұл бастама фермерлердің инновациялық агробиотехнологиялар бойынша құзыреттілігін арттыруға және тұрақты ауыл шаруашылығы қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды.
Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., профессор Ерназарова Г.И., б.ғ.к., профессор Турашева С.К., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д.
Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасы.


Сурет 1. Профессор оқытушылар «Олжас» кооперативті шаруашылық базасында.
#SDG17 #PartnershipsForGoals
#SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар