- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 "Сапалы білім" аясында «ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған» жобалық лекция докторанттардың қатысуымен өткізілді.
ТДМ 4 "Сапалы білім" аясында «ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған» жобалық лекция докторанттардың қатысуымен өткізілді.
15.12.2025 ТДМ 4 "Сапалы білім" аясында «ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған» жобалық лекция докторанттардың қатысуымен өткізілді. Лекцияның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және геронтология ғылымы контекстінде молекулалық биотехнологияның заманауи және болашақтағы перспективаларын талқылау болды.Іс-шара барысында жасушалық қартаюдың молекулалық механизмдері, геномдық тұрақтылық, биомаркерлерді анықтау, молекулалық диагностикалау және геропротекторлық биотехнологиялық тәсілдер ғылыми тұрғыда талданды. Докторанттар жобалық форматта өз зерттеу бағыттарын ұсынып, алынған нәтижелерді Тұрақты даму мақсаттарымен байланыстыра отырып пікірталас жүргізді. Лекция ғылыми ойлауды дамытуға, пәнаралық интеграцияны күшейтуге және молекулалық биотехнология жетістіктерін геронтология мен профилактикалық медицинада қолдану мүмкіндіктерін айқындауға бағытталды.
Ұйымдастырушылар: Ерназарова Г.И., Турашева С.К., Асрандина С.Ш., Атамбаева Ш.А.
Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасының профессорлары

Сурет 1. Докторанттардың жобалық форматта өз зерттеу бағыттарын ұсыну сәті
#SDG4 #QualityEducation #SDG17 #PartnershipsForGoals
Басқа жаңалықтар