Шығыстану факультетінде «Дүниежүзілік араб тілі күні» өтті
18 желтоқсан, 2025
ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен мазмұны әрі танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында кафедра доценті Ахметбекова А.К. араб тілінің тарихы мен оның қалыптасуы және даму үдерісі туралы терең әрі қызықты баяндама жасады. Араб әлемі мен 22 араб елі туралы ұсынылған презентациялар 1 –2 курс студенттері үшін пайдалы болып, олардың тіл мен мәдениетке деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, 3–4 курс студенттері араб тілінде өлең оқып, тілдің көркемдігі мен әсемдігін көрсетті. Бұл іс-шара білім, мәдениет және студенттік бастаманы тоғыстырған ерекше әрі шабыт сыйлаған күн болды.
Басқа жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
19 желтоқсан, 2025
19 желтоқсан, 2025