Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының кураторлары студенттердің тұрмыс жағдайымен таныстыFarabi University
Референдум 15 марта

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының кураторлары студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты

19 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға кураторы және кураторлар тобы студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында жатақханаға барды. Кездесу барысында кураторлар студенттердің тұрмыстық жағдайын, оқу процесіне бейімделу деңгейін және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. Студенттер өз ұсыныстары мен тілектерін білдіріп, оқу мен тұрмысқа байланысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Кураторлар тарапынан оқу үлгерімін арттыру, мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысуға шақыру бойынша кеңестер берілді.

Іс-шараның мақсаты студенттердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына қолдау көрсету, оқу процесінде ыңғайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру болды.

 

Филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.