Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері сенбілікке белсенді қатыстыFarabi University
Референдум 15 марта

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері сенбілікке белсенді қатысты

20 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 20 қыркүйегінде Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының 1 және 3 курс студенттері, олардың кураторлары мен кафедра оқытушылары оқу орны аумағында өткен сенбілік шарасына белсене қатысты. Сенбілік барысында студенттер аула тазалау жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен атсалысып, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты - оқу орнының аумағын таза әрі көрікті ұстау арқылы жастардың бойында азаматтық белсенділікті, экологиялық жауапкершілікті және ұжымдық рухты қалыптастыру болды.

Сенбілік студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, ынтымақтастық пен жауапкершілік сезімін арттырды. Мұндай экологиялық және тәрбиелік бағыттағы шаралар кафедра дәстүріне айналып, жастардың қоғамдық сана мен әлеуметтік белсенділігін дамытуға өз үлесін қосуда.

 

Филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.