Саяси имиджді қалыптастыруға арналған трансформациялық ойын
2025 жылдың 3 желтоқсанында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 – «Сапалы білім беру» және №16 – «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» бағыттары аясында «Саяси лидер имиджін қалыптастыру» тақырыбында «Саясаттану» мамандығының 1-курс магистранттары арасында трансформациялық ойын өткізілді.
Трансформациялық ойын «Саяси маркетинг» пәні аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – заманауи саяси қызметте қажет стратегиялық ойлау, жеке позициялау, командалық коммуникация және ресурстарды тиімді басқару дағдыларын дамыту.
Интерактивті ойын форматы курстың мазмұнымен табиғи үйлеседі. Ол магистранттарға саяси жобаларды жүзеге асыруда маңызды қасиеттер мен құзыреттерді тәжірибеде игеруге мүмкіндік береді: белгісіздік жағдайында шешім қабылдау, нысаналы аудиторияны талдау, ықпал ету стратегияларын құру, қоғамдық пікірмен жұмыс жүргізу, тәуекелдер мен қарсылықтарды басқару.
Ойын барысында әр қатысушы өз күшті жақтарын, жасырын ресурстарын зерттеп, әлеуметтік-саяси мақсаттарға жетуде туындауы мүмкін әлеуетті кедергілерді анықтау мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырушы: филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.
Басқа жаңалықтар