- Басты бет
- Жаңалықтар
- 17 тұрақты даму мақсаттары» бастамасы аясында «Сапалы білім беру» бағыты бойынша студенттерге арналған квест форматындағы танымдық ойын екінші мәрте өткізілді.
17 тұрақты даму мақсаттары» бастамасы аясында «Сапалы білім беру» бағыты бойынша студенттерге арналған квест форматындағы танымдық ойын екінші мәрте өткізілді.
2025 жылғы 5 желтоқсанда Экономика және бизнес жоғары мектебі Менеджмент кафедрасының аға оқытушылары А.Ғ. Жумагазиева, Р.У. Унербаева, С.И. Тасжарғановтың және оқытушы А.К. Тюлькубаеваның ұйымдастыруымен БҰҰ қабылдаған «17 тұрақты даму мақсаттары» бастамасы аясында «Сапалы білім беру» бағыты бойынша студенттерге арналған квест форматындағы танымдық ойын екінші мәрте өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың менеджмент пәні бойынша меңгерген білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және сапалы білім беру үрдісін жетілдіру. Аталған квест ойынына «Менеджмент», «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері белсенді түрде қатысып, өзара бәсекелестік пен командалық рухты жоғары деңгейде көрсете білді. Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, жоғары белсенділік танытты. на анг и рус
Басқа жаңалықтар