Эко-акция: макулатура – экология игілігі үшін
ОМ 24-03 тобының студенттері Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты аясында ұйымдастырылған
«Эко-акция: макулатура – экология игілігі үшін» іс-шарасына белсенді қатысты.
Акция барысында білім алушылар макулатура жинау жұмысын ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелеріне жауапкершілікпен қарағандарын көрсетті. Бірлескен еңбектің нәтижесінде студенттер 20 кг макулатура жинап, оны әрі қарай қайта өңдеу үшін арнайы қабылдау пунктіне тапсырды.
Іс-шара жауапты оқытушылар Бондаренко А.С. және Аралбаева А.Н. жетекшілігімен өтті. Олар студенттердің бастамасын қолдап, экологиялық мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға үлес қосты.
Аталған эко-акция қоршаған ортаны сақтау мен қоғамның тұрақты дамуына әрбір кішкентай қадамның да маңызды екенін көрсететін жарқын үлгі болды.