«Қаржылық сауаттылық негіздері: зейнетақы жинақтары және ипотекалық несиелеу» тақырыбындағы вебинар өттіFarabi University

«Қаржылық сауаттылық негіздері: зейнетақы жинақтары және ипотекалық несиелеу» тақырыбындағы вебинар өтті

19 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 19 желтоқсанда Экономика кафедрасы «Қаржылық сауаттылық негіздері: зейнетақы жинақтары және ипотекалық несиелеу» тақырыбында, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында — ТДМ 1 «Кедейлікті жою», ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» шеңберінде вебинар ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы қаласының Даму орталығының қызметкерлері қатысты. Вебинар әртүрлі қызмет салаларының өкілдерін біріктіріп, заманауи қаржылық құралдар туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Вебинар спикері ретінде «Отбасы банк» АҚ өкілі Камшат Оналбаева сөз сөйледі. Іс-шара барысында зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері жан-жақты қарастырылып, оларды ұзақ мерзімді перспективада пайдалану тәсілдері ұсынылды, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ ипотекалық несиелеу бағдарламасының шарттары мен ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар ипотекалық несиені мерзімінен бұрын өтеу мен төлемдерді бекітілген кесте бойынша жалғастырудың артықшылықтары мен шектеулері талданды. Қарастырылған тақырыптар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және жеке қаржыны басқаруға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасы