«Қала және мәдениет: Алматыны зерттеудің пәнаралық тәсілдері»Farabi University

«Қала және мәдениет: Алматыны зерттеудің пәнаралық тәсілдері»

3 желтоқсан, 2025

ТДМ 4: Сапалы білім

«Пәнаралық тәсілдер» пәні аясында «Қала және мәдениет: Алматыны зерттеудің пәнаралық тәсілдері» тақырыбында факультетаралық дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – қаланы күрделі әлеуметтік, мәдени және кеңістіктік құбылыс ретінде түрлі ғылыми бағыттар тұрғысынан қарастыру.

Талқылауға география факультетін қоса алғанда, әртүрлі мамандықтардың студенттері мен оқытушылары қатысады. Бұл Алматыны урбанистика, мәдениеттану, тарих, әлеуметтану және география ғылымдарының тоғысында жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелде қалалық орта мен мәдени бірегейліктің өзара байланысы, мегаполистің кеңістіктік дамуының динамикасы және заманауи Алматының келбетін қалыптастырудағы мәдени тәжірибелердің рөлі сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Іс-шара пәнаралық ғылыми диалогты дамытуға және қаланы мәдени кеңістік ретінде түсінудің жаңа зерттеу тәсілдерін айқындауға бағытталған.