«Таза сессия»Farabi University

«Таза сессия»

8 желтоқсан, 2025

«Таза сессия»

 

2025 жылғы 8 желтоқсанда «6В02205-Тарих» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін қысқы емтихан сессиясына даярлық аясында Тұрақты даму мақсаттарының «4. Сапалы білім» бағыты бойынша «Таза сессия» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара куратор Қошымова Ақнұр Оразғалиқызының жетекшілігімен ұйымдастыылды.

Аталған кураторлық сағаттың өзектілігі 1-курс студенттерінің алғашқы емтихан кезеңімен танысу қажеттілігімен айқындалды. Жиналыс барысында келесі мәселелер бойынша түсіндіру және ақпараттық-әдістемелік жұмыстар жүргізілді:

·      Емтихан тапсыру үдерісінде Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, оның ішінде адалдық, әділдік, жауапкершілік және сенімділік құндылықтрын ұстану;

·      Емтихан сессиясы барысында ережелердің бұзылуына жол бермеу үшін бақылау тетіктері туралы мәлімет беру;

·      Емтиханға тиімді дайындалу стратегиялары, уақытты басқару, оқу материалдарын құрылымдау және ақпаратты есте сақтау әдістері;

·      Кездесуі мүмкін қиындықтар мен оларды еңсеру жолдары, соның ішінде академиялық жүктемені реттеу тәжірибелері;

·      Психологиялық тұрақтылықты сақтау, күйзеліс деңгейін төмендету тәсілдері, өзін-өзі реттеу дағдылары.

Студенттер оқу үдерісінің негізгі нормативтік құжаттарымен, емихан өткізу тәртібімен және қойылаатын талаптармен жан-жаақты танысты. Куратор сессияның әділ және ашық өтуі білім сапасын арттыруға, академиялық мәднеиетті қалыптастыруға және болашақ кәсіби маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Қорыта айтқанда, «Таза сессия» тақырыбындағы ашық кураторлық сағат студенттердің академиялық адалдық туралы түсінігін кеңейтіп, емтханға саналы әрі жауапты түрде дайныдалуына ықпал етеді деп сенеміз.

Студенттерге алдағы сессияда табыс тілейміз!