«Театр – тәрбие мен білімнің кеңістігі»
«Театр – тәрбие мен білімнің кеңістігі»
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Баршаға арналған инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету әрі өмір бойы оқуға мүмкіндік жасау» — аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тәрбиелік жұмысқа және студенттерді ұлттық және әлемдік мәдениетке баулуға ерекше көңіл бөлінуде.
Осы орайда 6В02205 — «Тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Қазақстан тарихы кафедрасының куратор-эдвайзері, аға оқытушысы К.Қ. Қабдолдинаның жетекшілігімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды. Студенттер назарына Вина Дельмардың «Баянсыз бақ» пьесасы бойынша қойылған спектакль ұсынылды.
Театрға бару білім алушылардың гуманитарлық дүниетанымын кеңейтуге, эстетикалық талғамын дамытуға, сыни ойлау қабілетін және тарихи-мәдени құндылықтарды эмоциялық тұрғыдан қабылдауын қалыптастыруға ықпал етті. Осылайша, театрлық іс-шараларды университеттің білім беру тәжірибесіне енгізу жан-жақты дамыған, мәдениетті және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жастарды қалыптастырудың маңызды тетігі болып табылады және бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық басымдықтары мен тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Іс-шараға 25 студент және куратор-эдвайзерлер қатысты.
Басқа жаңалықтар