ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

21 желтоқсан, 2025
  •  Жансейіт Түймебаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылыми-зерттеу институттары директорларының кеңейтілген жиынына қатысты. 
  •  Ректор «Цифрландыру дәуіріндегі масс-медиа трансформациясы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел отырысында баяндама жасады. 
  •  Жансейіт Қансейітұлы Кореядағы POSCO корпорациясының Орталық Азия бойынша бөлімінің бас директоры Мун Сангюды қабылдады. 
  •  ЖОО басшысы Еуразиялық университеттер қауымдастығы кеңесінің отырысына қатысып, оқу ордасының халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыс нәтижелерін таныстырды.
  •  Ректор мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-майор Ержан Исақұловпен жүздесті. 
  •  Жансейіт Түймебаев Хэнань қаржы-экономикалық университеті (Henan Finance University) делегациясымен кездесті.
  •  Ректор Астанада өткен «Алуантүрліліктегі бірлік: түркі тілдері және әлемдік өркениет» атты ғылыми-білім беру семинарына қатысып, баяндама жасады.
  •  Оқу ордасының басшысы 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.