«Тәуелсіздік тірегім – 16 желтоқсан»Farabi University

«Тәуелсіздік тірегім – 16 желтоқсан»

15 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 10 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасында «Экономика» мамандығының 3-курс студенттері «Тәуелсіздік тірегім – 16 желтоқсан» атты іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері, ұлттық бірлік пен елдік рухты дәріптейтін мазмұнды баяндамалар ұсынды. Аталған бастама ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттауға бағытталып, ең бастысы Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты — Сапалы білім беруге үлес қосты.

Іс-шара елімізге бейбітшілік, өркендеу және молшылық тілеумен қорытындыланды.

Ұйымдастырушылар: Андабаева Г. К., Кулиев И. У., Тураров Д. Р., Сағынбай Ә. Ғ.