«Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл»
14 желтоқсан, 2025
2025 жылғы 8 желтоқсанда Экономика мамандығының 3-курс студенттері желтоқсан айында «Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында әдеби-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Бауыржан Момышұлының ерлігі, Отанға адалдығы, стратегиялық ойлау қабілеті және халық алдындағы қызметі туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Әрбір азамат ел болашағы үшін жауапты екені, қоғам дамуы үшін алауыздықтан гөрі мызғымас ынтымақ, бірлік пен білімнің маңызы зор екені ерекше атап өтілді.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші — Сапалы білім беру және 16-шы — Бейбіт, әділетті қоғам құру мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: Андабаева Г. К., Кулиев И. У., Тураров Д. Р., Сағынбай Ә. Ғ.
Басқа жаңалықтар
4 ақпан, 2026
4 ақпан, 2026