«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілетуFarabi University

«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету

13 қараша, 2025

Жоғары оқу орындарында «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету бойынша 2025 жылғы 13 қарашада сағат 14:00-де механика-математика факультетінің қызыл залында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева, ассистент-профессор Қ.М. Қожабек, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Г.Т. Айгаринова және PhD, аға оқытушы М.Н. Умбетов 60 студенттің қатысуымен «Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы заң мен тәртіптің рөлі» тақырыбында ашық талқылау өткізді. Кездесу барысында студенттер құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы заң мен тәртіптің маңыздылығы жөнінде жан-жақты мәлімет алып, тәжірибелі құқықтанушы ғалымдармен еркін пікір алмасты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі мазмұнды жауаптар алды. Жиын соңында қатысушылар құқықтық сауаттылығының артқанын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасын табуына ниет білдірді.