ҚазҰУ-дің заң клиникасы студенттерінің кәсіби танысу сапары
27 қараша, 2025
2025 жылғы 27 қараша күні ҚазҰУ-дің студенттік заң клиникасының студенттері Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне барып, мекеменің қызметімен танысып қайтты.
Іс-шара барысында студенттер экономикалық қылмыстардың алдын алу, тергеу жүргізу тәртібі және департаменттің күнделікті жұмысы туралы жан-жақты мәлімет алды.
Бұл кездесу болашақ заңгерлердің кәсіби тәжірибесін кеңейтіп, құқық қорғау органдарының нақты жұмыс үдерістерін терең түсінуге мүмкіндік береді.