Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Пекин университеті арасындағы құқықтық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Пекин университеті арасындағы құқықтық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік

5 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 5 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Пекин университетінің өкілдері қатысқан маңызды іс-шара өтті. Іс шараны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды.
Сапар барысында делегацияны заң факультетінің деканы Уалихан Ахатов қарсы алып, екі жақты академиялық байланыстардың маңызын атап өтті. Пекин университетінің атынан Хао Жундун (Пекин муниципалдық юстиция басқармасының саяси департаментінің директоры) және Тан Цзиннань (Пекин университеті заң факультетінің партия комитетінің хатшысы) сөз сөйледі. Тараптар құқықтық білім мен ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен жобаларды кеңейтуге ниетті екенін білдірді.
ҚазҰУ тарапынан факультет басшылығы мен жетекші профессорлар: Ербол Алимкулов, Саида Асанова, Гүлдана Куаналиева, Алуа Ибраева, Бақытжан Калымбек, Қанат Қожабек, Гүлнұр Рашева, Айнаш Есекеева талқылауға қатысып, құқықтану саласындағы перспектива мен ортақ ғылыми бастамаларды талдады.
Кездесу аясында екі университет арасында екіжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл құжат алдағы уақытта студенттер алмасуын, бірлескен ғылыми зерттеулерді, халықаралық жобалар ұйымдастыруды және құқықтық білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ресми бөлімнен кейін делегация университеттің Қытай-Қазақ құқықтық зерттеулер орталығы, Farabi Hub инновациялық алаңы, «Фараби» кітапханасы инфрақұрылымымен танысты.
Қонақтар университеттің ғылыми базасы мен цифрлық инфрақұрылымына жоғары баға берді.
Бұл ынтымақтастық БҰҰ ТДМ-16 аясында Қазақстан мен Қытайдың жетекші университеттері арасындағы академиялық байланыстарды нығайтумен қатар, аймақтық құқықтық зерттеулерді дамытуға да серпін берері сөзсіз.