Студенттер үйінде құқықтық тәрбие және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікFarabi University

Студенттер үйінде құқықтық тәрбие және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілік

6 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 6 желтоқсан күні Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Бакиров Д.А. №18 студенттер үйінде кезекшілік міндетін атқарды.
Бұл кезекшілік БҰҰ-ның ТДМ-16 аясында, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіпті сақтау және құқықтық тәрбие жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Кезекшілік барысында Бакиров Д.А. студенттерге Қаржы құқығы пәніне қысқаша шолу жасап, олардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Жалпы, кезекшілік талапқа сай орындалып, жатақханадағы қауіпсіз әрі тұрақты ортаны қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әлеуетін арттыруға үлес қосады.