Экологиялық акцияFarabi University

Экологиялық акция

29 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 106-топ 1-курс студенттері 2025 жылғы 29 қараша күні Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы Шапқатова Іңкәр Бекболатқызының жетекшілігімен 15-тұрақты даму мақсаты аясында Алматы қаласындағы Достық саябағында өткен экологиялық акцияға қатысты. 

Акция барысында студенттер саябақтың сол жақ бөлігінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге қолғабыс көрсетіп, аумақты қоқыстан тазалауға көмектесті. Бірлесе атқарылған жұмыс таза әрі қауіпсіз демалыс аймағын қалыптастырудың маңызын көрсетіп, экологиялық жауапкершіліктің қоғам үшін аса маңызды екенін айқындады.