Жауапты тұтыну мен өндіріскеFarabi University

Жауапты тұтыну мен өндіріске

28 қараша, 2025

18-студенттер үйінде ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну мен өндіріске» арналған кең көлемді ақпараттық дәріс Қалымбек Б.-ның жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды азайту, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, қатысушылар күнделікті өмірде экологиялық жауапкершілікті арттыру, саналы тұтыну әдеттерін енгізу және тұрақты даму мақсаттарына үлес қосу жолдарын талқылады. Студенттер экологияға бағытталған жобалар мен бастамаларға қатысу мүмкіндіктерімен де танысты.