Жұматаев Ринат Серікұлы НЗМ Алматы-Медеу мектебінде дәріс өткізді
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында 2025 жылдың 3 қазанында Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы-Медеу филиалында археолог, PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Ринат Серікұлы оқушылар мен мұғалімдерге арналған дәріс өткізді.
Іс-шара аясында Ринат Серікұлы археология ғылымының заманауи бағыттары, Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің маңызы және мәдени мұраны сақтау мәселелері туралы кеңінен баяндады. Дәріс барысында қатысушылар ежелгі артефактілердің зерттелу әдістері мен тарихи-мәдени мұраның болашақ ұрпаққа жеткізілу жолдары жөнінде тың ақпарат алды.
Бұл кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастыру, археология саласына қызығушылығын арттыру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту. НЗМ оқушылары мен ұстаздары дәріскерге мазмұнды сұрақтар қойып, белсенді пікірталас жүргізді.