Бизнес пен ынтымақтастықтың жаңа нысандары

22 сәуір, 2016

 Бизнес пен ынтымақтастықтың жаңа нысандары

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  Шығыс пен Батыс арасындағы өзара әрекеттестік»  атты ІІІ Азия-Еуропа Бизнес Инновациялар Конгресі өтті.

Конгрестің күн тәртібінде Шығыс пен Батыс арасындағы индустриялдық-инновациялық даму саласындағы өзара қарым-қатынасты дамыту мен тұрақтандыру үшін іскерлік алаңын қалыптастыру, сондай-ақ, әлем қоғамдастығының назарын Орталық Азиядағы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жасалған жағдайларға аудару мәселелері қаралды.

Инновациялық экономика жағдайында жаңа білім мен технологиялардың генерациясы  университеттердің, мемлекет пен кәсіпкерліктің жұмылуының нәтижесінде келеді. Сол себепті, Конгрестің маңызды сессияларының бірі аймақтың және жақын серіктес-елдердің  жоғары оқу орындарындағы кәсіпкерлік білім берудің дамуына қатысты мәселелерін қамтыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз алдына «зерттеулер-инновациялар-өндіріс» ғылыми-инновациялық жолымен классикалық университет кейпінен әлемдік дәрежедегі зерттеу университетіне ауысу мақсатын қойды».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың металлургия, мұнай- және көмір химиясы, биотехнология, экология, фармацевтика, энерготиімділік, химиялық технологиялар, білім және т.б. салаларында аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, нақты экономика секторына енгізуге дайын 20-дан аса жобалары бар.

ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің бір кемшілігі ретінде инновация қалыптастыратын ортаның – зерттеу ЖОО және инновацияның аймақтық кластерлерінің жоқтығын атап өтті. Аталмыш мәселені шешу үшін, оқу бағдарламасын құру жұмысына ЖОО ғана емес, білім беру қызметінің өнімін тікелей пайдаланатын жұмыс беруші белсенді араласу керек.

Фрауенгофер институты кеңесінің төрағасы Бургхарт Шиль «Кәсіп және білім – қағидалар мен өзара байланыс» пленумында: «Жұмыс беруші бітірушіге жұмыстың ерекшелігіне байланысты кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті  қабілет, дағды, құзіреттілікке тікелей тапсырыс беруші ретінде араласқаны жөн» - деді.   

Кәсіби спикерлердің дәрістері мен шеберлік сыныптары ІІІ Азия-Еуропа Бизнес Инновациялар Конгресінің мазмұнын арттырды. Небәрі 2 күнге созылған конгресс барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де олардың 24 түрі оқылды. БҰҰ барша адамзатқа арнап келер 15 жылға жасалған тұрақты даму саласындағы 17 мақсат тақырыбындағы жарыссөздер  Конгрестің маңыздылығын одан әрі аша түсті.

Сондай-ақ Конгрестің назарында Қазақстанда өткелі отырған екі маңызды шара болды: Алматыдағы «Универсиада-2017» және Астанадағы «EXPO-2017».

Конгресс отандық және  Германия-Қытайлық орта кәсіпкерлік Ассоциациясының, Орталық Азиядағы Германия экономикасы Кеңесінің, ТМД-дағы Неміс кәсіпкерлік клубының, Фраунгофер Институтының, Рим клубы мен өнер мен ғылымның Дүниежүзілік Академиясының, швейцариялық және қытайлық инвестициялық холдингтер мен агенттіктерінің  сарапшылары мен спикерлерінің қатысуымен өтті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48 / 49