- Басты бет
- Жаңалықтар
- 📌 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің кеңейтілген Жалпы жиналысы
📌 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің кеңейтілген Жалпы жиналысы
📆25 желтоқсан күні қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының жас ғалымы Әлімғазы Гүлмарал Серікқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің кеңейтілген Жалпы жиналысына қатысты.
Аталған жиын барысында Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытудың стратегиялық бағыттары, Ұлттық ғылым академиясының 2025 жылға арналған қызмет жоспарлары, ғылыми болжамдау және форсайттық зерттеулерді енгізу, пәнаралық ғылыми жобаларды дамыту, сондай-ақ ғылым, білім және өндіріс салалары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар Академияның ұйымдастырушылық құрылымы, ғылыми бөлімшелердің қызметі, өңірлерде көшпелі отырыстар өткізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды дамыту, озық технологиялар орталықтарын іске қосу және ұлттық ғылыми саясатты іске асырудағы Академияның рөліне ерекше назар аударылды.
Жалпы жиналысқа қатысу жас ғалымға ғылыми қоғамдастықтың өзекті мәселелерімен танысуға, жетекші академиктермен тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және еліміздің ғылыми даму басымдықтарын айқындауға бағытталған талқылауларға қатысуға мүмкіндік берді.