Алматыдағы №81 мектеп-гимназиясында «Кәсіби бағдар – сапалы білімге жол!» атты кәсіби бағыт-бағдар беру іс-шарасы өттіFarabi University

Алматыдағы №81 мектеп-гимназиясында «Кәсіби бағдар – сапалы білімге жол!» атты кәсіби бағыт-бағдар беру іс-шарасы өтті

25 желтоқсан, 2025

«Кәсіби бағдар – сапалы білімге жол!»

2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматы қаласындағы №81 мектеп-гимназиясында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім беру» аясында кәсіби бағдарға арналған іс-шара өтеді. Бұл бастама "4.4-тармаққа" сәйкес ұйымдастырылған: «2030 жылға дейін техникалық және кәсіптік дағдыларды меңгерген жастар мен ересектердің санын арттыру».

Іс-шара аясында 10–11-сынып оқушыларына арналған "Ашық есік күні" өткізіліп, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби бағыт беріледі. Соның ішінде болашағы зор бағыттардың бірі — "Нанохимия және нанотехнология" мамандығы. Бұл сала заманауи материалдар әзірлеу, медицина, электроника, экология және энергетика салаларында жоғары технологиялар жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіби бағдар — білім алушылардың қабілетіне сай бағыт таңдауына, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына негіз болады.

Осындай іс-шаралар сапалы білім беруді қолжетімді әрі нәтижелі етуге, жас ұрпақты ғылым мен өндіріс саласына бағдарлауға, елдің инновациялық дамуына үлес қосатын мамандарды тәрбиелеуге жол ашады.

 

Ұйымдастырушылар: Омарова А., Нажипқызы М., Үмбетқалиев Қ.