- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультеті Community Centre Almaty алаңында «ЦУР 4 – Сапалы білім: дипломатия және бизнес» тақырыбында тренинг өткізді
Халықаралық қатынастар факультеті Community Centre Almaty алаңында «ЦУР 4 – Сапалы білім: дипломатия және бизнес» тақырыбында тренинг өткізді
2023 жылғы 23 желтоқсанда Community Centre Almaty-де (Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 22к1) «ТДМ 4 – Сапалы білім: дипломатия және бизнес» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің спикері ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессор міндетін атқарушысы Деловарова Лейла Федоровна қатысты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында турақты даму мәселелері бойынша пікір алмасу мен сараптамалық диалогты дамыту.
Іс-шара аясында сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, кәсіби дипломаттарды даярлау үдерісіндегі институционалдық өзара іс-қимыл, сондай-ақ қазіргі жаһандық жағдайда бизнестің орны мен рөлі мәселелері қарастырылды.
Тренингке қатысушылар ТДМ 4-ті іске асыру барысындағы өзекті сын-қатерлерге тоқталып, дипломатия саласындағы цифрландыру үдерістерінің маңыздылығын, сондай-ақ бизнестегі келіссөз жүргізудің заманауи тәсілдерін атап өтті. Аталған тренингке Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.



Басқа жаңалықтар