«Менің Қазақстаным» атты өлең оқу байқауы
8–14 желтоқсан аралығында «Сапалы білім» тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға «География» және «Гидрология» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты.

«Менің Қазақстаным» атты өлең оқу байқауы ұйымдастырылып, студенттер Отан туралы өлеңдер оқыды, өздерінің кіші отаны – қаласы немесе ауылы жайында әңгімеледі. Топтарда Қазақстанның әр өңірінен келген студенттер білім алатындықтан, олардың туған жерінің орналасуы, тарихы, халқы, көрікті жерлері мен даму перспективалары туралы әңгімелері үлкен қызығушылық тудырды.
Іс-шаралар студенттерде патриоттық сезімді, өз Отанымен мақтану сезімін қалыптастыру, көркем сөзге қызығушылықты арттыру, поэтикалық сөздің әсемдігі мен әсерлілігін сезіне білу, аудитория алдында сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.
Қорытындысында барлық қатысушылар «тәтті» сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны өткізу барысында оның жаппай қамтылғаны және құндылықтарға бағытталғаны атап өтілді. Безендіру үшін постерлер мен плакаттар дайындалды.