«Farabi Green Campus: Таза университет» экологиялық форумы
2025 жылғы 24 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Farabi Green Campus: Таза университет» жастар экологиялық форумы болып өтті. Іс-шара студенттік экожобалардың факультеттік іріктеуінің I кезеңінің басталуын білдірді.
Форум студенттердің экологиялық мәдениетін арттыруға, жасыл технологиялар саласындағы студенттік бастамаларды қолдауға және университет ортасында тұрақты даму принциптерін насихаттауға бағытталған, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді, атап айтқанда ТДМ 4 (Сапалы білім) және ТДМ 12 (Тиімді тұтыну және өндіріс).
Байқау бағдарламасында өзектілігімен, ғылыми негіздемесімен және кампустың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған нақты шешімдерімен ерекшеленетін 7 жоба ұсынылды. Сарапшылар қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының студенттері 1 және 2 орындарды иеленді:
1 орын – Ілияс Әмірәлі «Қайта өңделген қағаз қалдықтарынан КМЦ негізінде биологиялық ыдырайтын полимерлі үлдірлер алу» жобасымен.
2 орын – Шепилов Даниил «Факультеттердің жертөле бөлмелерін дезинфекциялау және студенттерге арналған рекреациялық аймаққа қайта жабдықтау» жобасымен.
2 орын – Ұтаралиев Дәміл «Ulmus BioStim: қарағаш сығындысын кампусты көгалдандыру үшін биостимулятор ретінде қолдану» жобасымен.
3 орын – Бекмағамбетов Әмірхан Русланұлы «Бұрын Қазақстанда бақыланбаған ұшпа органикалық қосылыстардың концентрациясын анықтау әдістемесін әзірлеу» жобасымен.
Бұдан басқа, форумға университеттің экологиялық трансформациясы үшін маңызды идеяларды ұсынған үш жобалық топ қатысты:
· Табынбаева Айдана, Сламгожа Аружан: «Қалдықтан – өнімге: тоқыма және өсімдік қалдықтарынан кампусқа арналған жастықтар мен жұмсақ жиһаздар жасау»;
Григорьев Артур, Ушаков Игнат, Симонов Михаил: «IoT WasteNet: университет кампусының қалдықтарды басқаруын оңтайландыруға арналған контейнерлердің интеллектуалды желісі»;
Ермолданов Ерсұлтан, Мақсұтов Таир: «Қалдықтан – өнімге: кампуста жиналған күзгі жапырақтар мен шөптерді қағаз бұйымдарына қайта өңдеу технологиясы».
Мұндай форумның өткізілуі студенттердің экологиялық жауапкершілік санасын қалыптастыруда және «Жасыл университет» тұжырымдамасын дамытуда маңызды қадам болды. Факультеттік деңгейде іріктелген үздік жобалар университеттік деңгейде ұсынылды.