Farabi University
Референдум 15 марта

22 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының 5-тармағы – Гендерлік теңдік аясында 2025 жылғы 22 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласында Алламе Табатабаи университеті ұйымдастырған «Ислам құндылықтары және заманауи әйел» атты халықаралық семинарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Жаркимбаева Дана Бақтыбайқызы баяндама жасады.

Өзінің «Гендерлік сана және гендерлік мәдениет туралы» баяндамасында ол гендерлік қатынастар мәселесіне арналған көпжылдық зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Баяндамашы гендер мәселесін философиялық онтология тұрғысынан, нақтырақ айтқанда, әйел мен ер адамның өзара қатынасының қалыптасуына ықпал ететін тарихи-этникалық үдерістер контексінде қарастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктері мен гендерлік қатынастарды қабылдау жүйесі бар екендігі, оның қоғамдық сананың бір формасы ретінде гендерлік санада көрініс табатыны атап өтілді. Бұл санада қоғамның әлеуметтік болмысына тән барлық қырлар тоғысып жатады.

Баяндамашының айтуынша, қазіргі мәдениеттердің алуан түрлілігі сана кодтарының көптүрлілігіне негізделеді, ал бұл кодтардың құрамында гендерлік өлшем міндетті түрде орын алады. Әрбір халықтың менталитеті белгілі бір жыныстың қоғамдағы орны мен рөлін айқындайтын ішкі өзекке ие. Осыған байланысты гендерлік теңдікке ұмтылу барысында әрбір халықтың мәдени ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі ерекше атап өтілді.