- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 5 – Гендерлік теңдік: Women in STEM/IT: университетте әйелдердің ғылым және IT саласындағы рөлі
ТДМ 5 – Гендерлік теңдік: Women in STEM/IT: университетте әйелдердің ғылым және IT саласындағы рөлі
31 желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар факультетінде Women in STEM/IT тақырыбында шағын дәріс-тренинг ұйымдастырылды.
Дәріс барысында STEM және IT салаларындағы әйел мамандардың кәсіби тәжірибесі, заманауи IT бағыттарының даму үрдістері, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға стартап-жобалар, гранттық бағдарламалар және кәсіби дамуға арналған платформалар туралы ақпарат берілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Тренинг жастардың IT саласына деген қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеу қызметіне бет бұруына оң әсер етті.
Басқа жаңалықтар
6 қаңтар, 2026
5 қаңтар, 2026