ТДМ 5 – Гендерлік теңдік: Women in STEM/IT: «Университеттен Америкаға жолға шық» форумыFarabi University

ТДМ 5 – Гендерлік теңдік: Women in STEM/IT: «Университеттен Америкаға жолға шық» форумы

31 желтоқсан, 2025

Университетте Women in STEM/IT бастамасы аясында «Университеттен Америкаға жолға шық» тақырыбында форум ұйымдастырылды. Іс-шараның спикері – Бостон университетінің түлегі Данияр Зиябекұлы. Форум барысында қатысушыларға «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы АҚШ-та білім алу мүмкіндіктері, шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша нақты кеңестер берілді.

Іс-шара барысында бұл көрсеткіштерді арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Women in STEM/IT бастамасы аясында әйелдерді дәлдік ғылымдар саласында оқыту, біліктілігін арттыру және ғылыми жобаларға тарту ғылыми және қаржылық нәтижелердің жақсаруына, еңбек нарығындағы алуан түрліліктің артуына ықпал ететіні айтылды. Бұл үрдіс жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуына мүмкіндік беріп, ұйымдар мен қоғам үшін бәсекелестік артықшылық қалыптастырады.

Форум студенттерді, әсіресе қыз-келіншектерді, халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуға, ғылым мен IT саласында белсенді болуға және кәсіби дамуға ынталандыруға бағытталды.