ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік: Шетелдік серіктестік университетімен кездесу: Shanghai Jiao Tong университетінің білім беру мүмкіндіктеріFarabi University

ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік: Шетелдік серіктестік университетімен кездесу: Shanghai Jiao Tong университетінің білім беру мүмкіндіктері

31 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 28 желтоқсан күні академиялық мобильділікті арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Shanghai Jiao Tong университетінің профессоры He Hongdi-мен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы өзара байланыс, бірлескен жобалар, профессор-оқытушылар мен студенттердің алмасу мүмкіндіктері талқыланды.