Тұрақты даму мақсаттары аясындағы этномәдени тәжірибе: көшпелі мәдениет және материалдық емес мұраFarabi University
Референдум 15 марта

Тұрақты даму мақсаттары аясындағы этномәдени тәжірибе: көшпелі мәдениет және материалдық емес мұра

4 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 4 қыркүйегінде «Қазақстан: тарихы мен мәдениеті» этномәдени тәжірибесін жүзеге асыру аясында, «Көшпелі мәдениет және материалдық емес мәдени мұра» атты турмен  жалғасын тапты.

этномәдени тәжірибенің үшінші күні Тұрақты даму мақсаттарының 4-бабы – сапалы білім беру шеңберінде өтті, оның ішінде тәжірибелік бағыттағы оқыту, бейресми білім беру ортасында білім мен дәстүрлі дағдыларды жеткізу сияқты тармақтар іске асырылды. Сол арқылы Тұрақты даму мақсаттарының 17-бабы – мақсаттарға жету үшін серіктестік бойынша этномәдени орталықтармен, дәстүрлі мәдениет ошақтары және жергілікті мәдени институттармен өзара әрекеттестік қамтамасыз етіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Климент Охридский атындағы София университеті арасындағы университеттік серіктестікті нығайтып, материалдық емес мәдени мұраны қазыналы гуманитарлық ресурс ретінде сақтау қолдау тапты.

Болгариядан келген және Қазақстаннан құралған 30-дан астам этномәдени тәжірибенің қатысушылары қазақтардың дәстүрлі көшпелі өмір салтымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде киіз үй құрылымы, ұлттық салт-дәстүрлер, тамақтану ерекшеліктері және тұрмыстық мәдениеті қарастырылды. Ерекше көңіл ат өнеріне бөлінді, София университетінің, Пловдив мемлекеттік университетінің және Болгария ІІМ академиясының профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттері атқа міну дағдылары мен көшпелі халықтардың ат өсіру дәстүрінің тарихи маңызымен танысты.

Сондай-ақ, дәстүрлі қолөнер бойынша мастер-класстар өткізілді — киіз кілем тоқу, тігім және ұлттық ою-өрнектер жасау, бұл қатысушыларға мәдени мұра элементтерін тек көруге емес, өз қолымен жасап көруге де мүмкіндік берді. Жергілікті шеберлермен өзара әрекеттестік материалдық емес мәдени мұраны сақтау және оны келесі ұрпаққа жеткізу маңыздылығын түсінуге септігін тигізді.

Күннің кульминациясы ретінде дискуссиялық сессиялар және сарапшылармен тәжірибе алмасу ұйымдастырылды, онда қатысушылар көшпелі мәдениеттің қазіргі замандағы мәнін, оның бірегейлікке әсерін және дәстүрлерді білім беру бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады. Бұл іс-шаралар тікелей Тұрақты даму мақсаттарының 4 және 17-бабын іске асыруға ықпал етті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этномәдени тәжірибені ұйымдастыру комитеті: Мейірбаев Б.Б., Жолдубаева А.Қ., Кабакова М.П., Хасиетова Ж.Ж., Алибаева А.