- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясында (ТДМ 4, 16, 17) ҚазҰУ-де шетелдік ғалымдардың дәрістері өтті
Тұрақты даму мақсаттары аясында (ТДМ 4, 16, 17) ҚазҰУ-де шетелдік ғалымдардың дәрістері өтті
Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР 4 – Сапалы білім, ЦУР 16 – Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар, ЦУР 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік) аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен шетелдік ғалымдардың ашық дәрістері өтті.
Іс-шара барысында Үндістандағы Раджастан университетінің профессоры, PhD доктор Ражендра Сингх Хангарот «Үндістандық және қазақстандық тұжырымдамалар мен әлемде бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесінің үлесі» тақырыбында, сондай-ақ Вашингтон мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Чарльз Уеллер «Халықаралық академиялық диалогтағы дін, мәдениет және тарих» атты дәріс оқыды.
Іс-шара күні: 23 маусым 2025 жыл
Өткізілген орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, №5 оқу корпусы, 200 аудитория
Дәрістер барысында дін, мәдениет және тарих мәселелері халықаралық академиялық диалог аясында талқыланып, бейбіт қатар өмір сүру, мәдени өзара түсіністік пен жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ғылыми пікірлер айтылды.
Балтымова Мира Рашидқызы, Қоғабаева Әсел Маратқызы, Кудайбергенов Сергазы Ережепулы
Басқа жаңалықтар