ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫFarabi University

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

5 қаңтар, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан газетінің тілшісіне маңызды сұхбат берді, онда халықты толғандыратын көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Солардың бірі – жасанды интеллектінің дамуы туралы.

Сұхбатта кәсіби кадрларды даярлау үшін мектептер мен университеттерде тиісті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Арнайы білім беру бағдарламаларының енгізілуі болашақ мамандардың теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз етеді. AI-Sana бағдарламасы аясында 650 мыңнан астам студенттің білім алуы – бұл бастаманың ауқымы мен тиімділігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университетінің ашылуы осы салада терең ғылыми зерттеу жүргізуге, инновациялық жобаларды дамытуға және елдің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай қадамдар Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласында болашағы бар, тұрақты дамитын елге айналуына үлес қосады.

Қорытындылай келе, кадрларды даярлауға бағытталған бұл бастамалар елдің цифрландыру стратегиясын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әміров Ә.Ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы.